афиша

Консерватория жаңалықтар

Құрманғазы атындағы ҚҰК 75 жылдығына орай 2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында III "STRING MUSIC FESTIVAL" фестивалі өтеді
Құрманғазы атындағы ҚҰК 75 жылдығына орай  2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында  III "STRING MUSIC FESTIVAL" фестивалі өтеді

Құрманғазы атындағы ҚҰК 75 жылдығына орай

2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында

III "STRING MUSIC FESTIVAL" фестивалі өтеді 

13 ақпан – В. Хесстің 110 жыл толуына арналған скрипка музыкасының концерті(кіші зал)

14 ақпан – Я. Фудиманның 85 жыл толуына арналған альт музыкасының концерті

15 ақпан – Д. Баспаевтың 80 жыл толуына арналған виолончель және контрабас музыкасының концерті (кіші зал)

16 ақпан – Гала-концерт

Құрманғазы атындағы ҚҰК Студенттік симфониялық оркестрімен Ішекті аспаптар кафедрасы солисттерінің концерті. (үлкен концерт залы)

11 ақпан 2019
«Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері ВИГО консерваториясынан оралды.
«Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері ВИГО консерваториясынан оралды.
2019 ж. қаңтар айының 28-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері ВИГО консерваториясынан оралды. Студенттер шетелдік серіктес жоғары оқу орнында 1 семестр көлемінде алған әсерлері мен тәжірибелері жөнінде ой бөлісті.
13 ақпан 2019
«Ақ Жайықтан ән оздырған» Республикалық әншілер байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
«Ақ Жайықтан ән оздырған» Республикалық әншілер байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Халық артисі
Мемлектеттік сыйлықтың иегері
Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған
«Ақ Жайықтан ән оздырған»
Республикалық әншілер байқауының жүлдегерлерін
құттықтаймыз!

1-курс Байбақты ІДІРБАЙ 3-орын иегері,
ұстазы аға оқытушы Эльза ҚАРАБАЛИНА;

3-курс Біржан АЙТАХМЕТОВ Диплом иегері,
ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін ШҮКІМАН;

4-курс Айнаш ЗАБИХАНОВА Алғыс хат иегері,
ұстазы аға оқытушы Эльза ҚАРАБАЛИНА;

3-курс Болатбек ҚҰБАШЕВ Алғыс хат иегері,
ұстазы аға оқытушы Эльза ҚАРАБАЛИНА;
11 ақпан 2019
«Camеrata Tempo» III Халықаралық фестивалі мәресіне жетті
«Camеrata Tempo» III Халықаралық фестивалі мәресіне жетті
2019 жылдың 7 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында «Camеrata Tempo» III Халықаралық фестивалінің жабылуына орай Гала-концерт өтті.
Бір апта бойы консерваторияның аудиториялары мен залдарында тамаша шығармашылық атмосфера орнады. Швейцариядан келген жоғары дәрежелі профессорлар мен музыканттар скрипка шеберлігінің құпияларымен бөлісті.
8 ақпан 2019
«Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалі басталды
«Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалі басталды
    2019 жылы 2 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында «Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалінің ашылуына орай концерт өтті. Фестиваль аясында «Қазақстан Камератасы»  классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы  атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Швейцария профессорларының қатысуымен "Халықаралық мастер-класс" (скрипка), бірлескен жобасын ұсынып отыр.
3 ақпан 2019
ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті
ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті. Кездесуге ректор Арман Әділханұлы бастаған ұжым басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
5 ақпан 2019
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі Дархан Мыңбай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі Дархан Мыңбай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті.
2019 жылғы 5-ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі Дархан Мыңбай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті.
Арман Әділханұлы басшылыққа келгелі шаңыраққа алғаш рет келіп отырған  Дархан Қамзабекұлы  консерваторияның тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Арман Әділханұлы 75 жылдық мерейтойы аясында дайындалып жатқан іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
5 ақпан 2019
Консерватория түлегі «Құрметті профессор» атағымен марапатталды
Консерватория түлегі «Құрметті профессор» атағымен марапатталды
Бүгін 2019 жылдың 4 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының жеке әншісі, Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің ұстазы Нұрлан Сайлауұлы Көшеровті ұлттық консерваторияның «Құрметті профессоры» атағымен марапаттады.
4 ақпан 2019
Ректор Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болды
Ректор Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болды
2019 жылдың 28-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болып, берген сұхбаты эфирге шықты. Әңгіме Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5-қазанда әдеттегі мерзімінен бұрын жолдаған Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған, жақында ғана ашылу салтанаты өткен «Жастар жылы» тақырыбында өрбіді.
29 қаңтар 2019