info@conservatoire.kz

«Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған «Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Жиынға консерватория басшылығы мен профессор-оқытушылық құрамы және бірқатар қонақтар қатысты.

Отырысты консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып берді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұстазы Мәтжанова Қарлығаш Көкенайқызының арнайы дайындаған баяндамасы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзекті мақаласын жиналған көпшілікке жан-жақты жеткізді. Маман мақаланың әрбір тарауларына жеке-жеке тоқталып өтті.

1. Ұлттық болмыстың үлгісі;

2. Мемлекет ісінің мүдделесі;

3. Жаңа қоғамның жанашыры;

4. Әлемдік мәдениеттің тұлғасы;

5. Торқалы тойдың тағылымы;

Сонымен қатар жиында Базарғали Жаманбаев, Тамара Сатыбалдина, Базархан Қосбасаров, Айжан Бердібаева, Әлия Сабырова сынды білікті ұстаздарымыз өз ойларын ортаға салды. Жалпы жиналған көпшілік Президентіміздің мақалада қозғаған ойларына, көтерген мәселелеріне, халыққа жасаған үндеуіне, құзырлы органдарға қойған нақты тапсырмаларына риза болды.

         «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мақаласында өзі айтқанындай, сөзден іске көшу керекпіз, Абай атамыздың мұралары арқылы, өскелең ұрпақ бойына адамгершіліктің, адалдықтың, еңбекқорлықтың, парасаттылықтың дәнін егу керекпіз. Абайдың 175 жылдық мерейто­йына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына сер­пін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп, нақты іспен көрсету керекпіз» - деді сөз соңында ұжым басшысы Арман Әділханұлы.










вернуться в альбомы