афиша

Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған дәстүрлі музыка концерті өтті

Ағымдағы жылдың 6 маусым күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен консерваториямызда өтіп жатқан этнограф, музыка зерттеушісі Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған үлкен шара аясында «Дәстүр ізімен» атты дәстүрлі музыка концерті өтті.

Мерекелік кеш басында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев А.Затаевичтің шығармашылығы туралы сөз қозғап, концертке қатысып жатқан өнерпаздарға алғысын білдірді.

 IMGL9192.jpg

Концертті тамашалауға жиылған жұртшылық консерваторияның үлкен концерт залының сахнасында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Нүркен Әшіров, Ұлжан Байбосынова, Еркін Шүкіманов, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов, Өзбекстан Республикасы «Нихол» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дутаршы Юнусов Улугбек, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақтөбелік күйші Нұрболат Жанаманов, қырғыз елінен келген жас өнерпаз Еламан Каныбеков, халықаралық конкурстардың лауреаты, қобызшы Әйгерім Қарсақбаева, Әзірбайжаннан келген құрметті қонағымыз Бахшалиев Фахраддин және т.б. белгілі дәстүрлі өнер қайраткерлері мен «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын қандырды.

IMGL9253.jpg

IMGL9266.jpg

IMGL9284.jpg

IMGL9454.jpg

IMGL9490.jpg

IMGL9510.jpg


 

Сонымен қатар, консерватория ректоры Арман Әділханұлы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып жатқан Санкт-Петербург қаласынан келген Ресей Өнер тарихы институты, аспаптану секторының меңгерушісі, өнертану докторы Мациевский Игорь Владимирович, Болгарияның София қаласындағы   П.Владигеров атындағы Ұлттық музыка академиясынан келген, PhD доктор Коларова Эмилия, Ташкенттік қонағымыз өнертану кандидаты Джумаев Александр Бабаниязович, Қазақ Ұлттық өнер университетінің фольклорлық зертхана меңгерушісі, профессор Елеманова Саида Әбдірахымқызы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану докторы Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы сынды айтулы ғалымдардың басын қосып БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізіп, журналистер мен қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

DSC_8493.JPG

DSC_8506.JPG

вернуться в альбомы