афиша

Алматыда Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы өтеді

2019 жылы қыркүйек айының 14 бастап 24 дейін Алматы қаласында Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы өтеді



Міне осы жолы Қазақ бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың 90-жылдығына орай Алматы қаласында Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы 10-шы рет өткізілетін болады.

Осы байқаудың мақсаты жас ұрпақты өнегелік және эстетикалық тәрбиелеу. Халықаралық вокалистер байқауы жастарымыздың назарын классикалық және халық музыкасының таза көзіне аударуға тырысады. Байқау жас дарынды орындаушыларды анықтауға көмектеседі, қазақ классикалық өнерінің беделін көтереді, жастарымыздың рухани дамуына жәрдемдесетін болады. Қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау мәдениеттердің өзара сіңісуіне, қазақ халқы рухының шынайы сұлулығының ашылуына және Қазақстан композиторларының шығармашылығын насихаттауға қызмет ететін болады.

Байқаудың іріктеу кезеңі Абай атындағы МАОБТ кіші залында өтеді. Байқаудың ашылуы, жабылуы және ақырғы кезеңі Абай атындағы МАОБТ үлкен сахнасында өтеді.

Алматы қаласына біздің байтақ Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шет елдерден опера өнерінің жас вокалистері келетін болады.

Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалистер байқауы әрқашан Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен, әсерлі, жарқын мерекеге айналады.

             Байқауда 1987 жылғы 1 қазаннан ерте емес және 2000 жылғы 1 қазаннан кеш емес дүниеге келген әнші ерлер мен әйелдер қатыса алады. Байқау сынақтары құралған: іріктеу және ақырғы кезеңнен. Барлық тыңдатулар ашық түрде өткізіледі. Тыңдатулар тәртібі жеребе салумен анықталады және байқау аяқталғанға дейін сақталады. Ақырғы кезеңге 14 көп емес қатысушы жіберілетін болады.

Байқауға қатысушылардың керемет қойылымдарын беделді және кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Х Халықаралық вокалистер байқауының Қазылар алқасының төрағасы ретінде КСРО және Қазақстан халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова болып табылады.

Қазылар алқасының құрамына опера өнерінің шеберлері кірді:

1. Граф, Петр Петрович Шереметьев – Париждегі Ресей музыкалық қоғамының төрағасы, Сергей Рахманинов атындағы Париждің орыс консерваториясының ректоры, Өнер және әдебиет орденінің кавалері (Франция). Франция, Париж.

2. Новиченко Тамара Дмитриевна - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры, Ресей.

3. Гусев Александр – Форо Бонапарттағы Музыкалық академияның профессоры, Г.Доницетти атындағы академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі. Италия, Милан.

4. Мунтиан Михаил Иванович – КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Республика орденінің кавалері, Молдованың Театр және бейнелеу өнері Музыка академиясының соло ән салу және опералық дайындық кафедрасының меңгерушісі, профессор, Молдова.

5. Басыров Дамир - Прага операсының солисті, Коми Республикасының халық әртисі, Чехия.

6. Заремба Елена, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Опера ханшайымы», Люксенбург.

Опера жанры жас әншілерінің өнерлерін Халықаралық қазылар алқасы бағалайды және әрбір қатысушы өз өнеріне қатысты шығармашылық талдауды, сондай-ақ, кәсіпқойлардың кеңестерін алады. Бұл өнер мейрамы көрнекті әлемдік сахналарды бағындыратын әншілердің жаңа есімдерін ашуға мүмкіндік береді.

Байқаудың негізгі ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.

Х Халықаралық вокалистер байқауын ұйымдастырудағы зор қолдауды Алматы қаласының Әкімдігі білдіреді.

Байқаудың бас серіктесі «SAMRUK KAZYNA TRUST» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұзырбаев к-сі, 19, 2-кеңсе, тел. 8-727-382-25-55, тел./факс 8-727- 382-27-44E-mail: karla120750@gmail.com



вернуться в альбомы