афиша

Алматыда жастар саясаты саласы қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылдың 22-26 маусым аралығында Алматы қаласында «Аймақтық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өтті. Шараға шетелдік және отандық тренерлер жастар саясаты саласындағы өкілетті органдарының, жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының, жастар өзін-өзі басқару органдарының (жастармен жұмыс жасау комитеті) және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері мен өкілдерінің жұмысын жақсарту үшін мастер-класс өткізілді. Семинар-тренингтің мақсаты жастар саясаты институттарын біріктіру және жастар ортасында өзін-өзі ұйымдастыру үдерісін күшейту үшін жағдай жасау, жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің аға-менеджері Мадалиев Ержігіт Нұралыұлы қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасып арнайы сертификат иесі атанды.










вернуться в альбомы