info@conservatoire.kz

Арман Әділханұлы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлерін марапаттады

Бүгін 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлері "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев табыстады.

«Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Айжан Джулмухамедова мен «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Құдайбергенова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері атанса, Мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Шырын Аманжолова, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Адалят Юсупова, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Ғалия Қалымова Құрмет Грамоталарымен, ал «Қаржы-экономикалық» бөлімінің меңгерушісі, бас есепшіміз Гүлнара Қасымова, «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Балжан Жүнісова 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестерімізді бүгінгі мерекелерімен және қуанышты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.











вернуться в альбомы