афиша

Астрахань қаласында ҚР ЖОО жәрмеңкесі өтті

Астрахань қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының жәрмеңкесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының атынан Ержан Жәмеңкеев қатысып, консерваторияның оқу бағдарламасымен, бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, шеберлік сабақтарын өткізді.

«Қазақ бауырларымыз, студенттер және музыкаға қызыққан өзге ұлт өкілдері ректорымыз Арман Жүдебаевқа ризашылығын білдіріп жатыр. Өйткені, мұндай мүмкіндік бола бермейді және көзбен көріп, құлақпен естігенге не жетсін?! Жәрмеңкеден бөлек Астраханьдағы домбырашылардың ұясы - Астрахань музыкалық колледжінің директоры Смиховская Алла Васильевнамен кездестім. Студенттерді консерваторияға бағыттау жолдары мен бағдарламасын түсіндіріп, өздерінің оқу барысындағы емтихан талаптарына біздің оқыту жүйесінен біраз ұсыныстар алды. Сонымен қатар қаланың дәл ортасында орналасқан Құрманғазы ескерткішіне де тағзым етіп шықтық. Консерваторияға келуші жастар саны баршылық екен. Бәріне сәттілік тілеймін» деді өз сөзінде ҚҰК оқытушысы Ержан Жәмеңкеев.








 

вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА