info@conservatoire.kz

Аяз Бетбаевтің шығармашылығына арналған «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты жинақтың тұсаукесері

2020 жылдың 7 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камерлық залында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Шу ауданының құрметті азаматы, ақын, термеші, сазгер Аяз Бетбаевтің шығармашылығына арналған «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Кешке келген қонақтар Жамбыл мен Кененнің ізін жалғаушы, жыршы, термеші, ақын - Аяз Бетбаевті ыстық естеліктермен еске алып, жазылған еңбекке құттықтау тілектерін білдірді. Қонақтардың қатарында Аяз Бетбаевтің жары Г. Сауырбайқызы, жыршы Әбіш Әділбеков, кафедрамыздың оқытушылары А.Бердібай, И.Қожабеков, студенттер мен шәкірттер болды. Жинақты дайындаған «Музыкатану» факультетінің 2-курс магистранты Искаков Жұлдыз. Шара барысында «Аязға арнау» толғауымен Аяз ақынның шәкірті Бекарыс Көштаев ән шырқап, халық әні «Жеңеше-ай» әнімен Бек Нуридинұлы қонақтардың қошеметіне бөленді. Сондай-ақ Жұлдыз Искаков анасы мен ұстаздарына алғыс білдіріп, кітаптың мазмұнымен таныстырып, келген қонақтарға кітаптарын сыйға тартты.

WhatsApp Image 2020-02-10 at 16.16.44.jpeg

WhatsApp Image 2020-02-10 at 16.16.43.jpeg
вернуться в альбомы