афиша

Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады...

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымдарының докторы, профессор Күзембай Сара Әділгерейқызы дүниеден өтті.


С.Ә. Күзембай 1937 жылы 24 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін бітірген. 1961-1965 жылдары аталған оқу орнының теория кафедрасының оқытушысы, 1966-1984 жылдары М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, 1984-1993 жылдары әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, музыка теориясы кафедрасының профессоры. 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты музыкатану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Сара Күзембаева 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның т.б. кітаптардың авторы. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.
Уақыт өткен сайын еліне адал қызмет еткен тұлғалардың есімі ұлғая түсетіні тарихтан аян. Сара Әділгерейқызының да есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен туған-туыс, бауырларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!


вернуться в альбомы