афиша

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Президент үндеуін консерваторияның кіші залында арнайы жиналған оқытушылар мен студенттер қауымы тыңдады.
Ұжым басшысы Арман Әділханұлы: «Тәуелсіздігіміздің нығаюы, баянды болуы үшін еліміздің тыныштығы, саяси тұрақтылық пен экономикамыздың үздіксіз дамуы ауадай қажет. Халқымыздың негізгі мақсат-мұраты осы. Бейбіт, тоқшылық заман болмай өнер-білім, мәдениеттің де дамуы екіталай. Сондықтан республикамыздағы тұрақтылықтың кепілі болып отырған қазіргі ұстанған бағытымыз дұрыс деп есептеймін. Президентіміздің өзі айтқанындай Үкімет, Парламент және партия басшыларымен ақылдаса отырып шешкен шешімі елімізге қайырлы болсын» деген тілек білдірді.








вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА