афиша

Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің музыкалық ЖОО-ның басшылары Италияның Сачиле қаласына ресми іссапармен барып қайтты

Ағымдағы жылдың шілденің 21-24 аралығында Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің музыкалық ЖОО-ның басшылары Италияның Сачиле қаласына ресми іссапармен барып қайтты.

«PIANOS» пианино мен рояль салоны ұйымдастырған шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Әзірбайжан ұлттық консерваториясының ректоры Сиявуш Карими, Баку музыкалық академиясының ректоры Фархад Бадалбейли, Әзірбайжан мемлекеттік филармониясының директоры Мурад Адигоралзаде, Хазар университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Гамлет Исаксанлы, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының проректоры Сайора Гафурова қатысты.

Іссапар барысында қонақтар Италиядағы ағаштан әлемдік деңгейде музыкалық аспаптар жасайтын «Ciresa Val Fiemme» фабрикасы мен «Fazioli» компаниясының жұмысымен танысты.

Іс-шара FAZIOLI компаниясының директоры Паоло Фациолимен бірге өтті. Қонақтар фортепиано аспабының жасалу технологиялық процесін көзбен көріп, жан-жақты біліп қайтты. Сондай-ақ музыкалық аспапта ойнап, сарапшылар ретінде компанияның жұмысына қатысты пікірлерімен бөлісті.

 Айта кетейік, «Fazioli» компаниясы 1981 жылы жұмысын бастаған. Сапаны бірінші орынға қойған компания басшылығы жылына 140 рояль шығарады. Шығарған өнімін тек Еуропа елдеріне ғана емес, сонымен қатар Америка, Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне экспорттайды.

_PH_7548.jpg

_PH_7602.jpg

_PH_7592.jpg

_PH_7605.jpg

вернуться в альбомы