афиша

Қазақстанда халықаралық симфониялық оркестр - Пан-Кавказдық Жастар оркестріне қатысу үшін жас музыканттарды тыңдау байқауы жарияланады

«Цинандали классикалық музыка фестивалінің» ұйымдастырушылары (Грузия) Қазақстандағы 18-28 жас аралығындағы талантты жас музыканттар арасында Пан-Кавкадық жастар оркестріне (PCYO) қатысу үшін тыңдау байқауын жариялап отыр. Тыңдау байқауы 2019 жылдың 30 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Үлкен органдық залында өтеді.

Қазақстанмен қатар, тыңдауға Кавказ өңіріндегі елдерден (Грузия, Армения, Әзірбайжан), Украина мен Түркиядан жас музыканттар қатысып жатыр. Іріктеуден өткендер дүниежүзіне әйгілі дирижер Джанандреа Нозеда жетекшілік ететін Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестрінің құрамында өнер көрсетпек. Оркестр 2019 жылдың қыркүйегінде Грузияның Цинандали қаласында өтетін фестивальдің резидентіне айналады.

2019 жылы оркестрге қатысу уақыты алты аптаға созылмақ. Алғашқы үш аптада 16 тамыздан бастап 7 қыркүйек аралығында атақты дирижерлердің жетекшілік етуімен репетициялар мен бес концерт өтеді. 8-22 қыркүйек аралығында Цинандали фестивалінің алаңында Джанандреа Нозеда, Юкка-Пекка Сарасте, Омер Меир Веллбер, Лахав Шанидің жетекшілік етуімен репетициялар мен бес концерт өтеді.

Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестріне қоса, жас солистер академиясы да жұмыс жасамақ.

 

Тыңдауға қабылдау шарттары:

1. Тыңдауға ҚР-да өмір сүріп жатқан жас музыканттар қатыса алады.

2. 18 жастан бастап 28 жасқа дейін.

3.  Аспаптар: симфониялық оркестрдің барлық аспаптары қатысады. Белгілі бір аспаптарды тыңдауға қатысты қосымша шарттар, сондай-ақ, аспаптар тізімі және тыңдау кезінде орындалатын нақты репертуарды сайттан таба аласыз: http://tsinandalifestival.ge/pages/orchestra/ - мұнда оркестрлік үзінділер мен партитураларды тауып, жүктеп алуға болады.

4. Тыңдаудан өту туралы өтінімдер 22 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады: http://tsinandalifestival.ge/submit/. Тыңдауға қатысушы ағылшын тілінде анкетаны толтыруы қажет.

5. Тыңдауға қатысу кезіндегі бүкіл шығындарды қатысушылар өздері көтереді.

6. Оркестрге қатысу үшін тыңдаудан өткен жеңімпаздардың барлық шығындарын (тұру, көлік шығындары, тамақ) Цинандали фестивалінің ұйымдастырушылары төлейді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:
Sonja@tsfest.ge
(+995) 32 22535 81/82/83

вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА