афиша

Бүгін консерваториямыздың Үлкен концерт залында «КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» атты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Бүгін консерваториямыздың Үлкен концерт залында «КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» атты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Республикамызға танымал музыкатанушы ғалымдарға қоса Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен келген қонақтарамыз, сонымен қатар консерватория ұстаздары мен студенттері қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны консерваториямыздың Ғылыми жұмыс пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы ректорымыз Арман Жүдебаевтың құттықтау сөзін жеткізіп, ардагер ұстаздарымыздарға алғыс хат табыстаумен бастады. Қонақтардың қатарында Өзбекстан Республикасының өнер қайраткері, өнертану докторы, профессор Абдуллаев Р.С., Воронеж мемлекеттік өнер академиясының «Музыка теориясы» кафедрасының жетекшісі өнертану докторы, профессор Трембовельский Е.Б., ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ХАА академигі, профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Күзембай С.Ә., Құрманғазы атындағы ҚҰК «Музыкатану және композициясы» кафедрасының профессоры, өнертану докторы Өтеғалиева С.Ы. және философия ғылымдарының докторы, өнертану кандидаты, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры Аязбекова С.Ш. бар. Спикерлер конференция барысында өздерінің баяндамаларын көрермен назарына ұсынып, бүгінгі кәсіби музыкалық білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерді талқыға салды.
«КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы түстен кейін 2 секцияға бөлініп, өз жалғасын тапты. Бірінші секцияда «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ», екінші секцияда «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОМУЗЫКАТАНУ САЛАСЫ: ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбы аясында баяндамалар жасалды.




















вернуться в альбомы