афиша

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында өнер-білім ордасының 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұжым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында өнер-білім ордасының 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұжым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды ұжым басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев өз қолымен табыстады.

25 жылдан астам уақыт бойы түркі әлемінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сақтау және зерттеу жұмысын белсенді түрде атқарып келе жатқан, «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деген атпен танылған «ТҮРІКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы консерваторияның құрылғанына 75 жыл толуына орай, Түркі әлемінің мәдениеті мен өнерінің дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін Төсбелгісі және Алғыс хатымен бірқатар қызметкерлерімізді марапаттады.

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының Президенті Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін Алғыс хатына ұжымымыздағы бірнеше қызметкерімізді лайық көрді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының 2019 жылдың 25 қарашадағы №99-п бұйрығы бойынша арнайы дайындалған «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 75 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне консерваторияның барлық ұстаздары мен бөлім жетекшілері ие болды.

Жиын соңында қарашаңырағымыздың 75 жылдығына арналып түсірілген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі кинорежиссер Ермек Шынарбаевтың қолынан шыққан деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы биыл өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мерейтойлық концерт 28-қарашада, Республика Сарайында өтпек. Басталуы сағат 19.00-де.

















вернуться в альбомы