афиша

Б. Шүкенов атындағы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қоры Болат Өтемұратов атындағы қордың қолдауымен 2019-2020 оқу жылына тағайындаған Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерінің аттарын жариялады. Жеңімпаздар қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының студенттері Құралай Мәлімбаева мен Алдияр Шәкенов бар. Қоғамдық қор белгілеген шәкіртақы көлемі жоғары оқу орны тәлімгерлері үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаз студенттерімізді үлгі боларлық жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Іріктеу комиссиясы құрамында Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Шүкенов, Болат Өтемұратов атындағы қордың өкілі Жәмилә Рымжанова, дирижер Қанат Омаров және кларнетші Дамир Бүркітбаевтар бар.




вернуться в альбомы