«Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

афиша 13-14 ноября.jpg   


       Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясы  2018  жылы 13-14 қараша күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалін өткізгелі отыр.

Фестиваль аясында «Дәстүрлі музыка: тарих және теория мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. 

Фестивальға Қажыбек Бекбосынов, Сержан Шәкірат, Алмас Алматов, Қатимолла Бердіғалиев, Айтжан Тоқтаған, Абдулхамит Райымбергенов, Секен Тұрысбеков,  Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова сынды көпшілікке белгілі өнер майталмандары қатысады.     

                                               

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ:

 Құрманғазы атындағы ҚҰК үлкен концерт залы, мәжіліс залы (Абылай хан даңғ. 90),  

2018 ж. 13-қараша:

 09.00-10.00 конференция қонақтарын тіркеу (үлкен концерт залының фойесі),

 10:00 фестивальдің ашылу салтанаты (үлкен концерт залы),

 11:00 пленарлық отырыс (мәжіліс залы «А» корпусы),

 14.00-17.00 секциялық отырыс (№1-секция мәжіліс залы «А» корпусы, №2-секция 212-аудитория «Б» корпусы),

19:00 «Дәстүрлі музыка кеші» (үлкен концерт залы), 

14-қараша:

10.00-12.30 П.И. Чайковский атындағы ММК профессоры В.Н. Юнусованың шеберлік-сыныбы (мәжіліс залы «А» корпусы),

19.00 фестивальдің жабылуы «Дәстүрлі музыка кеші» (үлкен концерт залы).

 

БАЙЛАНЫС:

Ғылым бөлімі:тел. +7(727) 261-63-64

e-mail: knk.nauka@gmail.com

Концерттік бөлім: тел. +7 701 272 98 69

e-mail: koncotdelknk@mail.ru

БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімі:

тел. 8 (727)261 07 12, +7 747 2339976 (WhatsApp), 8 778 447 12 51

e-mail: konser.2018@mail.ru

 

 

 

вернуться в альбомы