афиша

Батырхан Шөкенов атындағы стипендияны алуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 15 қыркүйекке дейін ұзартылды

Батырхан Шукенов.JPG

Бірден бес музыкалық оқу орынының оқушылары мен студенттері 250 мың теңгеден 500 мың тенгеге дейінгі мөлшерде он грантқа ие болады.

Батырхан Шөкенов атындағы Қоғамдық қор Бөлат Өтемұратов Қорының қолдауымен жас музыканттардан стипендия алуға өтінімдер қабылдаудың жалғасып жатқанын еске салады. Оған мына оқу орындарында оқып жүрген мыс және ағаш үрмелі аспаптарда орындаушылар үміткер бола алады:

·         Қазақ ұлттық өнер университеті

·         Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

·         Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты

·         Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты

·         Қарағандыдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты

Бұл кәсіби музыканттарды дайындайтын еліміздің бейінді жоғары оқу орындары мен мектептері. Қордың дәл осы академиялық музыкалық ортамен жұмыс жүргізуді таңдауы кездейсоқ емес.

«Жас дарын иелерін қолдау – қызметіміздің басымдықты бағыттарының бірі, - деп әңгімелейді Батырхан Шөкенов атындағы Қордың директоры Наргиз. – Естеріңізге сала кетейін, Батыр тұңғыш түлегі болған Алматы консерваториясының жанындағы саксофон сыныбы жас музыкантты қолдау үшін әрі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова мен Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың оған сенуінің арқасында ашылған еді. Осы салада сабақтастық бар екенін паш ету және замандастарымызға қолдау көрсету біз үшін өте маңызды».

Биылғы жылы гранттар саны 2018 жылмен салыстырғанда екі есе артты: іріктеуге үш музыкалық мектептің қатысуына рұқсат етілді, олардың бірі Қарағандыда орналасқан. Арнайы комиссия төрт оқушыны іріктеп алады, сөйтіп олар бір адамға 250 000 теңгеден келетін мөлшерде сыйлық алады. Бұл орайда жоғары оқу орындарына, соның ішінде астаналық ЖОО, арналған алты стипендия бұрынғыдай бір стипендиатқа шаққанда 500 000 теңгені құрайды.

Батырхан Шөкенов атындағы гранттар тұңғыш рет былтыр табыс етілген еді. Құрманғазы атындағы консерваторияның бес студенті стипендияның иегерлері болды.

«Стипендияның арқасында қосымша табыс табу туралы ойламайтын болдым, сөйтіп зейінімді оқуға салып, бар ықыласымды толығымен музыкаға аудардым. Соның ішінде, республикалық конкурсқа дайындыққа ден қойдым, - деп ойын бөлісті Батырхан Шөкенов атындағы тұңғыш бес стипендиаттың бірі Артур Бемм. - Өзімнің ескі саксофонымды саттым да, оған стипендия мен конкурс жүлдесін қостым, сөйтіп бүкіл жиналған ақшаға жаңа аспап – Францияның аты аңызға айналған Selmer фирмасы жасаған саксофонды сатып алдым. Кәсіпқойлардың барлығы осындай аспапта ойнайды».

2019 жылғы іріктеуге қатысу үшін үміткерлердің 15 қыркүйекке дейін талаптар тізіміндегі шығармаларды камераға орындап, бейнеге сілтемені жіберуі және қордың www.batyr.foundation деген ресми сайтында өтінімді толтыруы қажет. Жеңімпаздарды 5 қазанына дейiн жариялайды. Қатысу ережелерімен және бағдарламалық талаптармен мына жерден танысуға болады: https://batyr.foundation/our-projects.

 

Хабарласуға арналған байланыс ақпараты:

Батырхан Шөкенов атындағы Қор

scholarship@batyr.foundation

 

вернуться в альбомы