info@conservatoire.kz

Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы мен Авхий Хавлаш марапатқа ие болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Өнертану ғылымдарының кандидаты Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды. Сонымен қатар консерваториямыздың профессоры, Моңғолияның халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Авхий Хавлаш «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аталмыш наградаларды бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы табыстады.

Консерватория ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарында табыс тілейді!






вернуться в альбомы