афиша

Білім күні құтты болсын!!!

 

Бүгін 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Білім күніне және жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл бірінші рет консерватория табалдырығын аттап отырған студенттер үшін асыға күткен күннің бірі. Биылғы жылы 287 талапкер білім гранттарын жеңіп алып, қарашаңырақтың студенті атанды. Оның ішінде 59-ы түрлі байқаулардың жүлдегерлері. Бірінші курс студенттерін оқу жылының басталуымен және «Білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталған мерекелік шараның алғы сөзі консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың құттықтауымен басталып, жеке орындаушылар мен студенттік ансамбльдердің және хордың қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты. Осы жылдың айтулы мерекесі болып Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойы болып отыр. Биылға жоспарланған мерекелік іс-шаралар осы мерейтой аясында өтетін болады.

6.jpg

7.jpg

2.jpg

1.jpg

3.jpg

вернуться в альбомы