афиша

«Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалі басталды

2019 жылы 2 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында «Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалінің ашылуына орай концерт өтті. 




Фестиваль аясында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Швейцария профессорларының қатысуымен "Халықаралық мастер-класс" (скрипка), бірлескен жобасын ұсынып отыр.




Халықаралық тәжірибеде алғаш рет скрипкалық мастер-класстары камералық оркестрдің сүйемелдеуімен өтпек.
Жобаға қатысушылар: Alumine Temis Barrutia (Аргентина), Marie – Sophie Baumgartner (Швейцария), James Warren (Ирландия), Sayaka Nakajima (Жапония), Vaigaile Dainaciute (Литва), Anastasia Pentina (Ресей), Christa-Maria Stangorra (Германия), Yulia Van (Оңтүстік Корея), Иван Смирнов (Ресей), Aleksandra Khmara (Украина) (Қазақстан), дүйшенбаева с., Каратаева В., Шильдебаева А., Рысберді Ж., Өсербек А., Омар А. (Қазақстан).



Бағдарламада төмендегі шығармалар орындалды:
- Л. В. Бетховен. Скрипка және фортепианоға арналған Соната № 3 Ми-бемоль мажор. Ор.12 
- К. Дебюсси. Скрипка және фортепиано үшін Соната Соль минор 
- К. Сен-Санс-Э. Изаи. Вальс-Этюд 
- Р. Шуман, Ф. Крейслер. Қиялға дейін. Ор.131 
- Д. Шостакович. Фортепианный квинтет, Соль минор. Ор.57

Орындаушылар санатында Павел Верников (скрипка, Швейцария), Светлана Макарова (скрипка, Швейцария),
Яна Озолина (скрипка, альт, Швейцария) және Қазақстандықтар Таир Қаратаев (виолончель), Шернияз Мұсахан (скрипка), Оксана Шевченколар  (фортепиано) да болды.





вернуться в альбомы
                         БАКАЛАВРИАТ             МАГИСТРАТУРА         
                                                                   ДОКТОРАНТУРА