афиша

Дөңгелек үстелге шақырамыз!

        7 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Арт-Мираи» жеке қоры бастамашылық ететін «Алтын өнер» байқауының аясында «Композитор-орындаушы-тыңдаушы: бүгінгі үштаған» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстел «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілмек.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақстандағы композиторлық өнерді дамытуға, талантты композиторлар мен шығармашыл тұлғалардың шығармашылықтарын насихаттаудың жаңа әдістерін іздестіруге, олардың Қазақстандағы композиторлық өнерді дамытуға қосқан үлесін тануға және жасаған жұмыстарына көпшілік назарын аударуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау.

Өтетін орны мен уақыты: Конференц зал, сағат 10.00

Дөңгелек үстел жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

 • Композитор-орындаушы-тыңдаушы: заманауи жағдайда өзара әрекеттесу;
 • ХХІ ғасырдағы Қазақстан композиторларының шығармашылығы: жаңа музыкалық тіл;
 • Қазақстандық музыкадағы көшпелі мәдениет: дәстүрлер мен қазіргі заман;
          Дөңгелек үстел «Art-Mirai Private Foundation» бастамасымен және «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен «Алтын арт» Қазақстанның жас композиторлары арасындағы конкурстың шеңберінде өткізіледі.

Байқау жеңімпаздары осы іс шарада жарияланады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

E-mail: knk.nauka@gmail.com. Тел. +7(727)261-6364
вернуться в альбомы