афиша

Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңестің 2019 жылғы 45-Халықаралық конференциясы (ICTM) өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор (доцент) Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы және өнертану кандидаты, аға оқытушы Недлина Валерия Ефимқызы 11-17 шілде аралығында Таиланд елінің Бангкок қаласындағы Чулалонгкорн университетінде өткен Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңестің 2019 жылғы 45-Халықаралық конференциясына (ICTM) қатысып қайтты. 

Конференция бағдарламасы бойынша әртүрлі шаралар, атап айтқанда, академиялық презентациялар, халықаралық музыка және би шеберлік-сыныптары, концерттер, көрмелер және экскурсиялар ұйымдастырылды.

13 шілде күні «OPERA IN AFRICA AND ASIA» секциясының отырысында Ғ.З. Бегембетованың «Transborder Masters: Transition of Traditional Musician from Ethnic to Westernized Music Making in Kazakhstan» тақырыбындағы баяндамасы оқылды. (http://ictmusic.org/ictm2019/programme). В.Е. Недлина конференция секцияларының бірінде модератор қызметін атқарды.







вернуться в альбомы