афиша

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу сағаты өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 12 ақпанында консерваторияның кіші залында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, дінтанушы Шоманов Болат Шаймолдаұлының консерватория студенттерімен кездесу сағаты өтті. Кездесу барысында студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің мағынасы түсіндіріліп, заңсыз діни ұйымдар туралы кеңінен мағлұмат берілді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл кездесудің негізгі мақсаты студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, қоғамға жат қылық - лаңкестіктен аулақ болу керектігін, бейбітшіліктің маңызын түсіндіру.


вернуться в альбомы