афиша

Фэйсбук желісінде консерватория оқытушысының алғашқы онлайн шеберлік-дәрісі өтті

Коронавирус індетінің елімізде күннен-күнге өршуіне байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы сақтық шараларын күшейтуді және тығырықтан шығуға арналған кешенді жұмыстарды тапсырды. Халықтың мейлінше үйде отыруы маңызды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі өнер мен спорттың баршағы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы онлайн нұсқаға көшуіне байланысты өз тарапынан бірнеше жобаны қолға алып отыр.
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы осы жобалар аясында қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуіне, студенттердің, жалпы өнерсүйер қауымның онлайн шеберлік-дәрістерін алуына мүмкіндіктер жасауда.
Әр азаматтың үйде отырып, білімі мен танымын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралардың бірі #óneronline хэштегімен іске қосылды. 2020 жылдың 25-наурызында осы жоба аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Мақсат Медеубектің «Қобыз – Қорқыттан қалған аңыз» атты лекция-концерті өтті.
Келесі #óneronline хэштегімен өтетін дәрістерді Мәдениет және спорт министрлігі (https://www.facebook.com/groups/884732365309226/   https://www.facebook.com/ҚР-Мәдениет-және-спорт-министрлігі-Министерство-культуры-и-спорта-РК-398062...) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (https://www.facebook.com/kazakh.national.conservatory/?epa=SEARCH_BOX) Фэйсбуктегі жеке парақшаларынан тамашалай аласыздар. Жоғарыда жазылған парақшаларға тіркеліңіздер! Келесі жарияланымдарды күтіңіздер!






вернуться в альбомы