info@conservatoire.kz

GREBENNIKON ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНАСЫН ТЕГІН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ



2020 жылдың 12 ақпанында консерватория кітапханасының оқу залында «Электрондық кітапхананың мүмкіндіктер жүйесі: мазмұны, қызмет көрсету стратегиясы, дамудың негізгі перспективалары» тақырыбында «Гребенников» баспасының директоры Аркадий Халюковтың қатысуымен семинар өтті.
Мәскеулік қонағымыз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары мен студенттеріне 31 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН мына сілтеме бойынша http://grebennikon.ru GREBENNIKON ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНА тестік режимде тегін кіріп, мақалалар мен бейнематериалдарды көру мүмкіндігін жасап отыр.
«Гребенников» баспасы маркетинг, менеджмент, қаржылық менеджмент және персоналды басқару бойынша журналдар мен кітаптар шығарады.
Құрметті ұстаздар қауымы және студенттер! Осындай мүмкіндікті жіберіп алмай, өздеріңізге керек ақпаратты алуға асығыңыздар.
Құрманғазы атындағы ҚҰК кітапханасы
e-mail: nibs_lib@mail.ru,
тел.+7 (727) 272 55 01, (114)




вернуться в альбомы