info@conservatoire.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

2, 3, 4-КУРС СТУДЕНТТЕРІ, 2-КУРС 

МАГИСТРАНТТАРЫ ЖӘНЕ 2,3 КУРС ДОКТОРАНТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында 2020-2021 жылғы күзгі семестрде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2, 3 және 4-курс студенттеріне, 2-курс магистранттарына, сондай-ақ 2 және 3 курс докторанттарына арналған сабақтар сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша қашықтықтан жүргізіледі. Сабаққа арналған техникалық құралдарды (компьютер, интернет) алдын ала қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. Жатақхананың барлық бөлмелеріне 18 тамыздан бастап жаңа адамдар қоныстанады. Осыған байланысты 15 тамызға дейін, мүмкіндігінше, жатақханада қалған барлық жеке заттарыңызды алып кетулеріңіз қажет. 15 тамыздан кейін қалған барлық заттар уақытша сақтау қоймасында сақталады! Бұл жағдайда заттарыңыздың қауіпсіздігі үшін әкімшілік жауап бермейді!