афиша

«Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Ұлжан Байбосынова Бас жүлдеге ие болды.

2019 жылдың 5-сәуірінде Өзбекстанның Термез қаласында тұңғыш рет өткен Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестиваліне Қазақстанның атынан қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова Бас жүлдеге ие болды.

 Бес күнге созылған фестивальға Түркия, Әзірбайжан, Корей, Моңғолия, Малайзия, Башқұртстан, Түркіменстан, Венгрия, Сербия, Болгария, Қырғызстан сынды жалпы саны 74 мемлекеттен 160-тан аса өнерпаздар қатысқан.

 Қасиетті өнерді өміріне серік еткен, ұлағатты ұстаз Ұлжан Мәлікайдарқызын айтулы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!





вернуться в альбомы