афиша

Консерватория түлегі «Құрметті профессор» атағымен марапатталды

Бүгін 2019 жылдың 4 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының жеке әншісі, Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің ұстазы Нұрлан Сайлауұлы Көшеровті ұлттық консерваторияның «Құрметті профессоры» атағымен марапаттады.





1991-1996 жылдары Қазақстанның халық артисі, профессор Бекен Жылысбаев, ҚР еңбек сіңірген артисі, профессор Шахмардан Әбіловтерден қара шаңырақта дәріс алған Нұрлан Сайлауұлы қазіргі таңда талай майталман өнерпаздарды тәрбиелеп жүрген білікті ұстаз. Өткен жылдың желтоқсанында ғана Елбасы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденінің иесі атанып отырған өнер иесін жаңа марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.



вернуться в альбомы