афиша

Консерватория ұжымы Нүркен Әшіровты жаңа қызметімен құттықтады

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев пен факультет декандары, кафедра меңгерушілері және «Халық музыкасы» факультетінің бірқатар ұстаздары Нүркен Әшіровты жаңа қызметімен құттықтады. Жиынды ректор құттықтау сөзімен бастап, Нүркен Нұрғалиұлына "Алғыс хат" тапсырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі Базархан Қосбасаров, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі Аманкелді Күзеубай, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Тоқжанов және жиналған ұстаздар қауымы әріптестерін құттықтап, жаңа қызметін абыроймен атқаратынына үлкен сенім білдірді.
Айта кетейік, 2019 жылдың 8 қазан күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бұйрығымен Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалған болатын.








вернуться в альбомы