info@conservatoire.kz
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігнің 2018 жылғы 31 қазанындағы № 600 бұйрығына сәйкес «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қағидалардын бекіту туралы».

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында шығармашылық емтихандар басталды. Биыл елдегі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты консерваторияға түсу емтихандары алғаш рет қашықтық (online) форматта өткізілуде.

Шығармашылық емтиханның алғашқы күні талапкерлер «Аспаптық орындаушылық (фортепиано, ішекті аспаптар, классикалық гитара)», «Музыкатану», «Композиция», «Вокал өнері» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша бақтарын сынады. «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа үміткерлердің саны көп болуына байланысты, осы білім беру бағдарламасындағы алғашқы шығармашылық емтихан ертең жалғасын табады.

Шығармашылық емтихан нәтижелері туралы ақпарат бүгін сағат 19:00-ден кейін консерватория сайтының «Қабылдау 2020» бөлімінде жарияланады. Апелляциялық өтініштер келесі күні сағат 13-00-ге дейін t.exams2020@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан "Адалдық алаңы" атты жобалық кеңсе құрылған болатын. Бұл кеңсенің міндеті аталмыш министрлік пен оған қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, күресу.
Сенім телефоны: 8 (7172) 74 03 23, 
e-mail: mergend7@gmail.com
вернуться в альбомы