афиша

Консерваториямызда Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабының тұсаукесері өтеді

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрылғанына 75 жыл толуына арналған мерейтойлық шаралар аясында 2019 жылдың 26 қараша күні сағат 15.00-де консерваторияның конференц залында (Корпус А) белгілі этноорганолог-ғалым, өнертанушы Болат Сарыбаевтың «Ғалым мұрасы» атты кітабы мен «Болат Сарыбаев және түркі әлеміндегі этноаспаптану мәселелері» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтеді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев – көрнекті этноаспаптанушы ғалым, қазақ этноаспаптануының негізін қалаушы, қазақтың көне музыкалық аспаптарының тұңғыш рет толық ғылыми сипаттамасын жасап терең зерттеген және оларды қайта жаңғыртып, дыбысталуы мен тартылу әдістерін қалыптастырған тұлға.
Екі жинақ та Халықаралық TURKSOY ұйымының демеушілігімен жарық көрген. Жинақтарды құрастырушылар: өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Саида Елеманова, өнертану ғылымдарының магистрі Сәуле Боранбаева, өнертанушы Фатима Нұрлыбаева.


вернуться в альбомы