афиша

Консерваториямызда «Музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру» атты семинар өтті

2019 жылдың 21 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Республикалық оқу әдістемелік кеңес мәжілісі аясында «Музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру» атты семинар өтті. Жиынға бірқатар музыкалық орта білім беретін мектеп-колледждердің өкілдері қатысты. Атап айтқанда А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ.Жырғаланова, музыка ісі жөніндегі орынбасары С.А.Оспанкулова, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мусрепова, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі директорының оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Балпанова, оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары А.Б.Сарманова және Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі С.А.Бегалина.
Күн тәртібінде қаралған негізгі үш мәселе: музыкалық орта білім беретін оқу орындарындағы мамандарға деген сұраныс (мамандықтар бойынша); Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа білім беру бағдарламаларын ашу қажеттілігі туралы; жоғары және орта музыкалық оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сабақтастығы туралы.

Кездесуде кәсіби музыкалық білім берудегі басты мәселелер, мектеп-колледж-ЖОО арасындағы сабақтастық және оқу процесіндегі ерекшеліктер, оқу жоспарларын реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Республикалық оқу әдістемелік кеңес мәжілісі аясында мамандар жоғарыда айтылған әр тақырып бойынша жеке-жеке тоқталып, өз ойларын ортаға салып, мәселені жан-жақты қарастырды.
Семинар қорытындысы бойынша жуырда осы мәселелерді жетілдіру және мазмұны бойынша кейбір пәндердің қайталануын болдырмау мақсатында, білім беру деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларына талдау жүргізілетін болды.











вернуться в альбомы