афиша

Консерваториямыздың 3-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылық құрамға «Бизнес-жоба. Бизнесті қалай бастаймыз» тақырыбындағы лекция семинары өтті

2019 жылдың 16-қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған тапсырмасы негізінде, 2019 жылғы 20-қыркүйектегі №39 Бұйрыққа сәйкес 3-4 курс студенттері мен профессор-оқытушылық құрамға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, бизнес-тренер, кәсіпкер Арай Успаеваның «Бизнес-жоба. Бизнесті қалай бастаймыз» тақырыбындағы лекция семинары өтті.
Кәсіпкер өз тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып бизнесті бастаудың алғышарттары жөнінде құнды ақпараттарымен бөлісті. Өз жобаңды сауатты түрде қалыптастыру, жобаның тиімділігін анықтау үшін есепті дұрыс жүргізу, қателіктерге ұрынбау үшін не істеу керектігі сияқты мәселелерді тереңінен түсіндірді.
Кездесу қатысушылардың бұл салаға қызығушылығының жоғары екенін көрсетті. Лекция өте қызықты, пайдалы әрі мазмұнды болды.




вернуться в альбомы