афиша

Консерваториямыздың 3 курс студенттері 100-ден астам адамды қазақтың ұлттық домбыра аспабында ойнауға баулып жүр

Қымбатты достар! ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастарды дамыту мақсатында өткен «Zhas project» жобасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының белсенді студенттері өз жобаларын ұсынып, грант ұтып алған болатын. Атап айтсақ «Халық музыкасы» факультеті «Домбыра» кафедрасының 3 курс студенті Қыдырсихова Тоғжан, Айтжанов Али, Абдықадыров Мейрамбек. Қазіргі таңда студенттер өз жобалары аясында 100-ден астам оқушыларды, жасөспірімдерді, ересектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қазақтың ұлттық домбыра аспабында ойнауға баулып жүр. Өз өнерлерін ұлттық өнерге қызыққан жандарға үйретіп, қоғамға пайдасы бар іс атқарып жүрген жастарға консерватория ұжымы атынан сәттілік серік болсын дейміз.

«Zhas project» Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.
Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
Жоба 2017 жылы басталып, Қазақстанның төрт облысынан шамамен 2 000 қатысушыны қамтыды. 2018 жылы Жоба шеңберінде шамамен 3 508 адам қамтылды.
Жоба төрт компонентті қамтиды:
- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;
- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;
- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;
- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.
Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді. Сондай-ақ 6 ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырып, арнайы ай сайынғы шәкіртақылар алады.






вернуться в альбомы