афиша

Консерваториямыздың бірқатар ұстаздарына ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды

Бүгін Ұстаздар күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ұжымның бірқатар ұстаздарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Марапат иелерін консерватория ректоры Арман Әділханұлы құттықтады.

         Құрмет грамотасына Қалымова Ғалия Далелханқызы, Шаплыко Валентина Георгиевна, Жүсіпова Сәуле Сейдуәліқызы, Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы, Құрманғалиев Тілеулес Құрамбайұлы, Аязбаева Айнұр Исатайқызы ие болды.

Алғыс хаттармен Көкішева Марлен Тастемірқызы, Далбағай Гүлфайраз Есімханқызы, Әмреева Ақмарал Еруланқызы, Сарымсақова Алмагүл Сессияқызы, Мұсахан Данара Еруланқызы, Алина Әсел Қайратқызы марапатталды.

 Әріптестерімізді алған марапаттарымен құттықтап, еңбек ұжымында да, отбасында да бұдан да зор жетістіктерге жете беріңіздер демекпіз.



вернуться в альбомы