info@conservatoire.kz

Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған Ғалымжан Нарымбетовтың жеке концерті өтті

2020 жылдың 11 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, консерваториямыздың ұстазы Ғалымжан Нарымбетовтың жеке концерті өтті.
Концерт залында ине шаншар орын болған жоқ. Бұл кешке жиналған көпшілік қазақстандық және шетел композиторларының ең үздік шығармаларын тыңдады. Олардың ішінде А. Құнанбаев, Ықылас, И.С.Бах, В. Черников, П. Макконен, В. Семенов, А. Жайым, А. Пьяцолла, В. Гридин, А. Шалаев, Р. Гальяно және т.б. туындылары бар.

Әлемдегі мәдени-рухани жаңалықтар, өнердегі шоу-эксперимент мына біздің ұлы даладан тарағандай көрінеді. Кез келген жиын-той, мерекені ән-күйсіз елестету мүмкін емес. Бұл кеште көрермендердің есінде қалған ерекше дүниелердің бірі - Күй тартыс. Біз осыған дейін домбыраның, қобыздың күй тартысына қанық болып жүргеніміз рас. Ал Ғалымжан Нарымбетов (баян), Алмат Сайжан (қыл қобыз), Таңат Сәденов (домбыра), Арман Жайымның (фортепиано) орындауындағы «Күй тартысы» көпшіліктің есінде қалары сөзсіз. Концерт соңында көрермен қауым өнерпаздың өнерін жоғары бағалап, зор қошеметке бөледі.
Біз өз кезегімізде әріптесімізге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз.



DSC_2729.JPG


DSC_2716.JPG

DSC_2725.JPG

DSC_2745.JPG
вернуться в альбомы