афиша

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Былтыр Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен жарияланған «Ұлттық домбыра күні» екінші рет аталып өтуде. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтап, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мерекеміз екені сөзсіз. Домбыра қазақтың музыкалық мәдениетіндегі шоқтығы биік аспап. Себебі ол ықылым замандардан осы күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі репертуары ең бай аспап болып саналады. Домбыра күйлеріндей алуан түрлі сипаттағы аспаптық жанрды әлем халықтарының фольклорынан кездестіру өте қиын.

Күй мен домбыра егіз, домбыра мен қазақ егіз.Ғасырлар бойы қазағымның серігі болған қасиетті домбырамыздың төл мерекесі - Ұлттық домбыра күнімен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы баршаңызды шын жүректен құттықтайды!!!


вернуться в альбомы