афиша

Ұлттық консерватория «MusiQuE - Music Quality Enhancement» халықаралық аккредиттеу агенттігінің сертификаттарына ие болды

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 9-10 күндері Бельгиялық «MusiQuE - Music Quality Enhancement» халықаралық аккредиттеу агенттігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында бағалау жұмыстарын жүргізген болатын. «Музыка саласындағы сапаны көтеру» мақсатында магистранттар мен докторанттар бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуді Брюссель қаласынан келген агенттіктің өкілдері Дариус Кучинскас, Густав Дюпшёбака және Селия Даффи жасады.
Сәуірде жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесін аталмыш ұйым жақында жариялап, ұлттық консерваториямызды құттықтап, 2025 жылдың маусым айына дейін барлық мамандықтар бойынша халықаралық сертификаттарға ие болғандығын мәлімдеді. Консерватория ұжымын осындай айтулы жетістігімен құттықтаймыз!!!


















вернуться в альбомы