афиша

МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ОНЛАЙН-ФОРМАТҚА КӨШТІ



Мəдениет жəне Спорт министрлігінің өнер мен спорттың баршағы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы онлайн нұсқадағы жұмыс тәртібі:
Жаңа жобалар.
25.03.2020 жыл.

Сағат 08.00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев бастап тікелей эфирде сергектік сыйлайтын таңғы жаттығулар өткізеді. Онлайн-жаттығу Серік Сапиевтің жеке serik_sapiev_offcial және Ұлттық Олимпиада комитетінің инстаграм-парақшасында болады.

Сағат 12:00-де #óneronline хэштегімен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Қазақстан ұлттық электронды кітапханасымен онлайн таныстырады. Бұл шеберлік-дәрісі Нұржан Жолдыбалиновтың фейсбуктағы аккаунты арқылы және Мәдениет және спорт министрлігінің Фейсбук парақшасында арнайы ашылған топта таратылады.

Сағат 14:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев baigenews.kz ақпараттық порталынан киберспорттан өтетін Аламан бəсекесі туралы Киберспорт федерациясының даму жөніндегі директоры Бауыржан Садиевпен сұхбаттасады.

Сағат 17:00-де #óneronline хэштегімен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Мақсат Медеубектің «Қобыз – Қорқыттан қалған аңыз» атты лекция-концерті өтеді. Бұл шеберлік-дәрісін Қазақтелекомның Youtube арнасынан және Мәдениет және спорт министрлігінің Фейсбук парақшасында арнайы ашылған топта тамашалай аласыздар.

Сағат 18:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев кəсіпқой боксшы, әнші Ибрагим Ескендірмен сұхбат құрады. Бұл сұхбатты Серік Сапиевтің жеке serik_sapiev_offcial және Ұлттық Олимпиада комитетінің инстаграм-парақшасынан тамашалай аласыздар.

Сағат 21:00-де «Карантиндегі жұлдыз» айдарының 3-саны эфирге шығады. Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жаңа жобасының бұл жолығы қонағы – эстрада әншісі Ғаділбек Жанай. Онлайн-концертті Қазақтелекомның Youtube арнасынан және Мәдениет және спорт министрлігінің Фейсбук парақшасында арнайы ашылған топта тамашалай аласыздар.
вернуться в альбомы