афиша

М.Төлебаев атындағы V Халықаралық байқаудың лауреаттарын құттықтаймыз

23-24 мамыр күндері Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өтті.
Өзбекстан Республикасының халық артисі, профессор Садықов Фарух Таджиұлы бастаған қазылар алқасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев және «Вокал өнері» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, доцент Смайлова Торғын Абибуллақызы да бар.
Белоруссия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Моңғолия мемлекеттерінен және еліміздің әртүрлі қалаларынан келген талантты қатысушылардың ішінде лауреаттар қатарынан көрінген консерваториямыздың магистранты «Алтын таяқша» байқауының 3-орын иегері Әбдіберікұлы Бекболат пен студентіміз «Кестелі орамал» байқауының 2-орын лауреаты Дінмұxамед Көшкінбаевты жеңістерімен құттықтаймыз. Лауреаттарымызға және ұстаздары Қазақстанның xалық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Базарғали Әжиұлы Жаманбаев пен Бекназарова Танагүл Қайкенқызына шығармашылық табыстар тілейміз.












вернуться в альбомы