афиша

Марапат иелерін құттықтаймыз!

15 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Президент жарлығы бойынша Елордамыздың 20 жылдығы аясында мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапатқа ие болған қуаныш иелері қатарында консерватория қызметкерлері де болды. Консерватория студенттері мен оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласқан жиынға Алматы қаласындағы бірқатар мәдени мекемелердің өкілдері қатысты. Марапатқа ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!

«ПАРАСАТ» орденімен:
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Жаманбаев Базарғали Әжіұлы марапатталды.

IMG_9316.jpg

«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ»  медалімен:

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано кафедрасының меңгерушісі, профессор Ибраева Венера Магавьевна;

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Дирижерлеу» кафедрасының доценті Берекешев Ғалымжан Кәрібжанұлы;

IMG_9299.jpg

3. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықарылық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы;

IMG_9295.jpg

4. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті Нұрғали Гүлнар Асылбекқызы марапатталды.

IMG_9312.jpg

вернуться в альбомы