афиша

«Менің отбасым» байқауы өтті

2019 жылдың 27 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында Отбасы күніне орай «Менің отбасым» байқауы өтті. Байқауды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесе ұйымдастырды. Жоба қала әкімі Бауыржан Байбек бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2019 жылғы іс-шаралар жоспары бойынша жүзеге асырылып отыр. Байқауға консерватория студенттері және олардың жанұялары қатысты.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болуы үшін жас ұрпақтың бойындағы ұлттық болмысты, жоғары адамгершілік құндылықтарды сақтап қалу, қазіргі ғаламторсыз өмір сүре алмайтын жағдайға келе жатқан заманда жастарымызды виртуалды әлемдегі әртүрлі теріс бағыттағы топтардың және арсыздықтардың жетегінде кетірмеу, бабаларымыздан қалған үлгі-өнеге, салт-дәстүрлеріміз, рухани құндылықтарымызды олардың бойына сіңіру өте маңызды жұмыс екені аян. Отан отбасынан басталады дейді аталарымыз. Адам негізгі тәрбиесін жанұяда алатынын ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отбасы институтының мәртебесін сақтау, көтеру ісіне баса назар аударылған. «Менің отбасым» байқауы осы бағытта жасалып жатқан жұмыстардың ішіндегі ең өзектілерінің бірі.

Байқаудың мақсаттары:

-       Отбасылық қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін насихаттау;

-       Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жекелік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;

-       Заманауи отбасы бейнесін қалыптастыру және отбасының рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасау.

 

Қазылар алқасы:

-      Абатова Алма Абдрақышқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ішекті аспаптар» кафедрасының профессоры.

-      Әлмұрат Нұрғиса Әлмұратұлы – өнертану ғылымдарының магистрі, кинорежиссер, «Тұмар» телевизиялық премиясының «Ең үздік телесериал режиссері» номинациясының иегері.

-      Медеубек Хангелді Сағатбекұлы – Т. Жүргенов атындағы Қаз ҰӨА баспасөз қызметінің басшысы, «Өркенді жастар» кеңістігінің қатысушысы;

-      Рыскелдиева Айдана Еркінқызы – «SNECC entertaiment». компаниясының менеджері;

-      Мақсұтбай Дана – «SNECC entertainment» компаниясының менеджері.

  

Байқау номинациялары бойынша келесі студенттер жеңімпаз атанды.

-         «SmArt family» номинациясы бойынша - Балтабай Саиддин «Аспаптық орындаушылық» факультеті, «Фортепиано» кафедрасының 2 курс студенті;

-         «Best design» номинациясы бойынша - Қуандықова Жазира – «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультеті, «Арт-менеджмент» кафедрасының 2 курс студенті;

-         «Best video» номинациясы бойынша - Сейітқұлов Әділет «Халық музыкасы» факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасының 4 курс студенті;

-         «Creative family» Қажығали Нарын - «Аспаптық орындаушылық» факультеті, «Фортепиано» кафедрасының 3 курс студенті;

-         «People's Choice Award» Кенжекеева Дайана – «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультеті, «Дирижерлеу» кафедрасының 4 курс студенті.









 

вернуться в альбомы