афиша

«Менің отбасым» байқауын өткізу туралы ережелер

«Менің отбасым» байқауын өткізу туралы ережелер


1. Жалпы ережелер

«Менің отбасым» байқауы (әрі қарай – Байқау) Отбасы күніне орай өткізіледі. Берілген ережелер байқаудың мақсаттары, міндеттері, өткізілу және жүлдегерлерді марапаттау ретін анықтайды.

2. Мақсаттары мен міндеттері

Байқаудың мақсаттары:

-  Отбасылық қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін насихаттау;

-  Жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жекелік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;

-  Заманауи отбасы бейнесін қалыптастыру және отбасының рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасау.

Байқаудың негізгі міндеттері:

-  Салауатты, бақытты және татулы отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және арттыру;

-  Студенттердің рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;

-  Студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру;

-  Отбасы күні мерекесі аясында жарқын шоу ұйымдастыру.

3. Іс-шара ұйымдастырушылары

-   Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қызметкерлері;

-   «Арт-менеджмент» мамандығының 3 курс студенттері;

-   Жастар ісі жөніндегі комитет.

4. Байқауды өткізу талаптары

«Менің отбасым» байқауына Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның студенттері мен олардың ата-аналары қатыса алады.

Байқау 2019 жылдың 27 сәуір күні өткізіледі.

Байқауға қатысу өтінімдері 2019 жылдың 20 наурыз күніне дейін serik_composer@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2019 жылдың 27 сәуір күні өткізіледі.

5. Байқаудың өткізілу реті

Байқау үш кезеңнен құралады:

І кезең – төмендегі тақырыптар бойынша 3 минуттық видеоролик ұсыну:

a)  “Менің отбасымның дәстүрлері”

b)  “Музыкаға қалай келдім”

Видеороликті бағалау критерийлері:

-   мазмұндылығы

-   креативтілігі

-   отбасылық құндылықтарды көрсету

ІІ кезең интеллектуалды бөлім саналады. Қатысушылар отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Бағалау критерийлері:

-  жауап жылдамдығы

-       жауаптың толыққандылығы

Байқаудың ІІІ кезеңі үй тапсырмасы саналады. Қатысушылар ата-аналарының қатысуымен музыкалық нөмір дайындауы тиіс.

Үй тапсырмасын бағалау критерийлері:

-   дайындық деңгейі

-   орындаушылық шеберлік

-   үйлесімділік

-   сахналық мәдениет

-   көрсетілімнің жарқындылығы

6. Әділқазылар алқасының мүшелері

Әділқазылар алқасы Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның қызметкерлері және басқа сарапшылар қатарынан ұйымдастырушылар жағымен құрастырылады.

7. Байқауды қорытындылау және марапаттау

Жүлдегерлер “Менің отбасым” байқауының жабылу салтанатында марапатталады.

Байқау жүлдегерлері құрметті дипломдармен, бағалы және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Бір номинацияда жеңімпаз атанған қатысушы басқа номинация бойынша жүлдегер бола алмайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

a)  «Creative family»

b)  «People's Choice Award»

c)  «Best video»

d)  «Best design»

e)  «SmArt family»

 

 

 

вернуться в альбомы