афиша

Музыкалық-этнографиялық экспедиция жұмыс жасауда

 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында биылғы жылы Жамбыл және Түркістан облыстарына фольклорлық экспедиция ұйымдастырып отыр. 21 тамыз күні экспедиция мүшелері және Фольклорлық ғылыми-зерттеу зертханасы өз жұмысын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылынан бастаған болатын. Экспедиция мүшелері Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының ғылыми қызметкері Пазылова Айткүл, докторант Бағлан Бәбіжан, магистрант Ләйлә Балмағамбетова, этномузыкатану кафедрасының 3 курс студенті Мәди Өмірзақовтар ел аузындағы атадан балаға мирас болып келе жатқан ән-күй және түрлі фольклорлық нұсқаларды ата-әжелерімізден, аға-апаларымыздан жазып алуда.

 

Экспедиция 22-23 тамыз Қордай ауданында, 24-тамыз Меркі ауданында, 25-тамыз Шу қаласында, 26-тамыз - Төле би ауданында, 27-тамыз Мойынқұм ауданында, 28-тамыз Т.Рысқұлов ауданында, 29-тамыз Байзақ ауданында, 30-тамыз Жуалы ауданында, 31-тамыз Жамбыл ауданында, 1-қыркүйек Сарысу ауданында болды.

 

Жалпы экспедиция уақыты 21-тамыз бен 12-қыркүйек аралығына жоспарланған.

WhatsApp Image 2019-08-26 at 07.49.40.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-26 at 07.49.39.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-26 at 07.50.06.jpeg

WhatsApp Image 2019-09-03 at 10.49.09.jpeg

WhatsApp Image 2019-09-03 at 10.49.08.jpeg

вернуться в альбомы