афиша

Қош келдің, талапкер!

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2019 жылғы талапкерлеріне шығармашылық емтихан басталды. «Вокалдық өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Музыкатану», «Дәстүрлі музыка өнері», «Дирижерлеу», «Композиция», «Арт-менеджмент» мамандықтарына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 400-ден аса дарынды жастар оқуға түсуге өтініш білдірген.  Шығармашылық емтихандар 12 шілдеге дейін жалғасады. Барлық талапкерлерге консерватория ұжымы атынан сәттілік тілейміз. 
«Биылғы жылғы талапкерлердің санын көріп қуанып отырмын. Қазақ өнері мен мәдениетіне бей-жай қарамай, керісінше дамуына үлес қосамын деген жастарды көру қуантарлық жағдай. Ал осындай талапты жастардың шыңдалуына мүмкіндік беретін 75 жылдық тарихы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарына алғысым шексіз»,- дейді  ҚР еңбек сіңірген артисі, әнші-композитор Марат Омаров. Сонымен қатар Марат ағамыз өзінің өнер мектебін бітірген түлектерін консерваторияға оқуға алып келгенін айтты.
Жоғары білім алуға ұмтылған жас талапкерлерге ақ жол тілейміз! Сапалы білім алып, қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосамын десеңіз, классикалық музыка өнерінің тереңіне бойлаймын десеңіз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына қош келдіңіз!

11.jpg

2.jpg

3.jpg

5.jpg
вернуться в альбомы