афиша

Президент жолдауы мәдениетке серпін бермек

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жолдауындағы: «Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек», - деп берген тапсырмасын мәдениет саласының қызметкерлері аса қуанышпен қабылдағаны мәлім. Мемлекет басшысының мәдениетке жанашырлық танытып, көңіл бөлуі рухани құндылықтарды сақтап, жеткіншек ұрпақтың бойына дарытып, болашаққа жеткізу ісі жүктелген бұл саланың өзектілігін терең ұғынуынан болса, бір жағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып жуырда тағайындалған Ақтоты Рахметоллақызының Президентіміздің өз назарын мәдениет саласына бұруына мұрындық болуынан деп түсінеміз.


https://www.instagram.com/p/B2CW2Qeh-sn/?igshid=1i6grwbx7vm89


вернуться в альбомы