ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті
5 ақпан 2019
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты әрі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті. Кездесуге ректор Арман Әділханұлы бастаған ұжым басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Әңгіме Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тапсырылған міндеттердің орындалу барысы, консерваторияның 75 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары жөнінде өрбіді. Сонымен қатар жиналған көпшілік Бекболат Қанайұлына көкейдегі сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

вернуться в альбомы