афиша

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Қанат Құлымжановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Самға дауысым» атты концерт өтті.



2019 жылдың 13 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Қанат Құлымжановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Самға дауысым» атты концерт өтті.

Қанат Адалбекұлының тәрбиелеген шәкірттері бүгінде ел алдында жүрген танымал өнерпаздарға айналып, өзімен әріптес болып отыр. Концерттік бағдарламаны ұстаз-ағаның шәкірті, ҚР еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев бастады. Сонымен қатар сахна төрінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман,  ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева, Күнсұлу Ермаханова және Бекболат Әбдіберікұлы дирижерлік еткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттер оркестрі өнер көрсетті. Әуелеген ән, күмбірлеген күй көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөледі.







вернуться в альбомы