афиша

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік наградаларды тапсырды

Бүгін 15 желтоқсан Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Президент жарлығы бойынша Елордамыздың 20 жылдығы аясында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Мемлекеттік әнұранмен басталған жиын соңы консерватория студенттері мен оқытушылардың қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.

IMG_8992.jpg

IMG_9026.jpg

IMG_9034.jpg

IMG_9326.jpg

«ОТАН» орденімен:

М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Андриасян Рубен Суренович марапатталды.

IMG_9060.jpg

I дәрежелі «БАРЫС» орденімен:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Би театрының директоры Аюханов Болат Ғазизұлы марапатталды.

IMG_9087.jpg

«ПАРАСАТ» орденімен:

1. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы Елубаев Смағул Абатұлы;

IMG_9146.jpg

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Жаманбаев Базарғали Әжіұлы марапатталды.

IMG_9110.jpg

«ҚҰРМЕТ» орденімен:

1. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Ткішев Темір;

IMG_9175.jpg

2. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының факультет деканы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы;

IMG_9178.jpg

3. Ә. Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің ансамбль жетекшісі Есебаев Бауыржан Аралбекұлы;

IMG_9198.jpg

4. Алматы облысы «Окинава годдзюдо каратэ» қауымдастығының президенті Рахметқалиев Ғалым Болатұлы марапатталды.

IMG_9217.jpg

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЕҢБЕК  СІҢІРГЕН  ҚАЙРАТКЕРІ» құрметті    атағымен:

Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының оркестр артисі Асылханов Жайлаубай марапатталды.

IMG_9230.jpg

«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ»  медалімен:

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано кафедрасының меңгерушісі, профессор Ибраева Венера Магавьевна;

2. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Дирижерлеу» кафедрасының доценті Берекешев Ғалымжан Кәрібжанұлы;

IMG_9241.jpg

3. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықарылық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы;

IMG_9248.jpg

4. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті Нұрғали Гүлнар Асылбекқызы;

IMG_9251.jpg

4. Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының балет артисі
Байбосынов Нұрлан Амантайұлы;

IMG_9261.jpg

5. Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының оркестр артисі
Құрманалиева Дилара Жәмілқызы 

IMG_9269.jpg
 
7. Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының өндірістік-тігін цехының меңгерушісі Ташева Галина Мұздыбайқызы марапатталды.

IMG_9273.jpg

IMG_9292.jpg

IMG_9330.jpg
вернуться в альбомы