афиша

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.

Бүгін 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Мемлекет басшысы өз жолдауында қазіргі таңдағы еліміздің барлық салаларындағы болып жатқан құбылыстарға қанық екенін көрсетіп, өзекті мәселелерді шешу үшін әр сала бойынша нақты атқарылатын міндеттерді атап көрсетті. Сонымен қатар осы уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан жемісті жобалардың жұмысын жандандыру керектігін айтты.

         Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұжымы мәжіліс залында бас қосып Президент жолдауын тыңдады. Жиналған көпшілік жолдауда көтерілген мәселелердің өзектілігін терең ұғынып, оны шешу шараларын ұсынған ел басшысының бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді. Консерватория ректоры Арман Жүдебаев пен ардагер ұстаздар Базарғали Жаманбаев, Базархан Қосбасаров, Тамара Сатыбалдина, Зере Шакеримова және басқа да ұстаздар өз пікірлерін ортаға салды.

Жолдауда айтылған білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу, ұстаздардың жалақысын көтеру, оқулықтар сапасын арттыру, орта, орта арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының жұмыс сапасын көтеру үшін мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат бөлінетіні аталмыш сала қызметкерлерін қуантары анық. Және де мәдениет саласы мамандарының кәсіби және әлеуметтік мәселелеріне соңғы жылдары аса көңіл бөлінбей, бұл саланың халық алдындағы беделі төмендеп бара жатқаны сөз болып, осы мәселелерді шешу шұғыл түрде қолға алынатынын айтқан Президенттің бұл бастамасына өнердің қарашаңырағы саналатын білім ордасының қызметкерлері дән риза болды.

DSC_9402.JPG
DSC_9409.JPG
DSC_9418.JPG
DSC_9422.JPG
вернуться в альбомы